Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы аясындағы қарымта кездесуде «Атырау» мен «Тобыл» командалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойында Асмир Суличтің соққан голдың арқасында қостанайлық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Атырау қаласында өткен қарымта матчта «Тобыл» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан кубогының финалына шықты.

Олар 4 қарашада шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.

Футболдан Қазақстан кубогы. Жартылай финал

«Атырау» — «Тобыл» (Қостанай) 0:1 (0:0)

Гол: Рогач 60

Төреші: Қарабаев Саят (АстанаҚ)

Бірінші матчтағы есеп: 0:1

8 шілде. Атырау. «Мұнайшы» стадионы