Эдвард Клеланд Твиттер парақшасында G2 Esports сапынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық психолог ұйымда былтыр қараша айының басынан бері жұмыс істейді. Маман қосылғаннан кейін 2022 жылдың соңында команда BLAST Premier: World Final 2022 және IEM Katowice 2023 жарыстарын жеңіп алды.

Сонымен қатар, команда кейінгі BLAST Premier: Spring Final 2023 турнирінде жартылай финалға дейін жеткен.