ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе France Football нұсқасы бойынша 2022/23 жылғы маусымның үздік француз ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы шабуылшы соңғы маусымда «Пари Сен-Жермен» сапында 41 гол соқты, сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасында 8 гол соқты.

Мбаппе бұл марапатты карьерасында үшінші рет алды.