Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы OCTAGON 48 турнирінің өтетін күні мен орнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ивент 18 тамызда Бакудегі Baku Sport Hall-да өтеді. Бұл ұйым тарихында Әзербайжандағы алғашқы турнир болады.

Еске салайық, бұған дейін елдер арасындағы турнирлерді өткізудің жаңа форматы жарияланған болатын. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иран, Египет, Қытай, АҚШ және Бразилия қатысады.

«Бразилия – Қазақстан» арасындағы алғашқы кездесу 22 шілдеде OCTAGON 47-де өтеді.

Алдағы турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Бекзат Алмахан (15-1) Бразилия өкілі Матеус Глориямен (12-1-1) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink