ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе өзіне қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен осы жылдар бойы гол соғып келдім, бұл адамдар үшін қалыпты жағдайға айналды. Біз тұтынушылық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, егер сіз бірдеңе істей алсаңыз, адамдар: «Жарайды, бірақ қайтала» деп айтады. Сондықтан мен сынға қатысты алаңдамаймын», - деді Мбаппе France Football басылымына берген сұхбатында.

Килиан Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Бұған дейін 24 жастағы форвард келісімшартын ұзарту опциясын қолдануды жоспарлап отырмағанын мәлімдеген. Кейін ПСЖ президенті Насер әл-Хелайфи бұл жағдайда Мбаппені трансферге қоятынын айтты.