Бұрынғы футболшы Эдвин ван дер Сар Хорватияда демалыста жүрген кезінде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

De Telegraaf-тың айтуынша, 52 жастағы голландиялық азамат Сплит қаласындағы емхананың неврология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Ван дер Сардың миына қан құйылған деген күдік бар.

Көктемнің соңында ван дер Сар Аякс бас директоры қызметінен кететінін жариялады. Команда маусымда сәтсіздікке ұшырап, Голландия чемпионатында тек үшінші орынға ие болды.

Футболшы ретінде Эдвин «Аякс», «Ювентус», «Фулхэм» және «Манчестер Юнайтед» командаларында ойнағанымен танымал.