Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Карлсруэде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық украиналық Виталий Сачконы 3:6, 7:6, 7:6 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 3 сағат 40 минутқа созылды.

Қазақстандық келесі айналымда ливандық Хади Хабибпен ойнайды.