Конькимен жүгіруден Ресей чемпионы Кристина Силаева Қазақстан құрамасына қосылғаннан кейін Ресей азаматтығынан бас тарту керектігін түсінетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Ресей коньки тебушілер одағының президенті Николай Гуляев Силаевадан спорт азаматтығын өзгерту туралы өтініш алғанын айтқан.

- Мен қазірдің өзінде Қазақстанда жаттығып жүрмін. Шешім көктемнің басында қабылданды деуге болады.