5 шілдеде Futsalworldranking.com сайты 2023 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша футзалдан ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингінің кезекті нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым айындағы нұсқасымен салыстырғанда рейтингтің алғашқы ондығында өзгеріс жоқ: Қазақстан құрамасы әлі жетінші орында (1560 ұпай), Иран (1573 ұпай) мен Марокко (1502 ұпай) құрамаларының арасында. Рейтинг кестесінің көшбасшысы Бразилия құрамасы (1819 ұпай).

Футзал бойынша әлемдік рейтинг бойынша алғашқы ондық:1. Бразилия,2. Португалия,3. Испания,4. Аргентина,5. Ресей,6. Иран,7. Қазақстан,8. Марокко,9. Парагвай,10. Украина.