Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы алдын ала және негізгі кезеңдердің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық «Қайрат» пен «Аят» турнирді негізгі кезеңнен бастайды.

Алматылық «Қайрат» 2-топта «Пальма-Мальорка» (Испания), «Халадаша» (Венгрия) және «Дифферданжа 03» (Люксембург) командаларымен өнер көрсетеді.

Ал рудныйлық «Аят» 1-топта «Спортинга» (Португалия), «Олмиссума» (Хорватия) және «Хита» (Украина) ұжымдарымен күш сынасады.

Негізгі кезең екі нұсқа форматында өтеді:

А нұсқасы. Бұл жолда қазіргі чемпион «Пальма», рейтингтегі келесі 11 үздік клуб және 16-дан 19-ға дейінгі командалар болады.

Б нұсқасы. Бұл жолда рейтингте 12-15 және 20-22-орында тұрған командалар, сондай-ақ алдын ала кезеңнің тоғыз жеңімпазы болады.