Трибунаның хабарлауынша, белорусиялық жартылай қорғаушы Антон Шрамченко Қазақстан премьер-лигасының төменгі лигаға түсу аймағында тұрған «Мақтааралға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Шрамченко мен Солигорск Шахтері тараптардың өзара келісімі бойынша келісімшартты бұзғаны белгілі болды.

Жартылай қорғаушы барлық жарыстарда 15 ресми ойынға қатысып, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. «Шахтер» сапында Антон Беларусь суперкубогының иегері атанды.