Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Карлсруэде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық бразилиялық Тиаго Уайлдтан жеңіліп қалды – 6:4, 3:6, 3:6.

Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.

Келесі айналымда Уайлд германиялық Марко Топомен кездеседі.