Елордалық «Астананың» баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының футболшысы Ян Вороговскийдің ауысқаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми: Ян Вороговский – «Астананың» ойыншысы.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы елордалық клубпен 3,5 жыл мерзімге келісімшартқа отырды», - деп хабарлады клуб.

Қазақстандық ойыншы жаңа маусымда ел чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсететін бельгиялық Моленбектен Астанаға көшті.

Айта кетейік, Вороговский РВД Моленбекке алматылық «Қайрат» сапынан ауысып, онда жалпы төрт жыл ойнаған.