Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Бактиёр Зайнутдиновтың ЦСКА-дан «Бешікташқа» ауысуы мүмкін деген пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бактиёр қазірдің өзінде маңызды клубта өнер көрсетуде. Әттеген-айы, қазір Ресей спортына санкциялар бар, еурокубоктар жоқ. Осы жағынан алып қарасақ, түрік лигасына өту белгілі бір дәрежеде плюс болар. «Бешикташ» - салмақты клуб, шешімді Зайнутдиновтың өзі қабылдауы керек, мен оны кез келген жағдайда қолдаймын.

Жаңа клубы қай рөлге, қандай позицияға шақырып жатырғанын біліп алу керек. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы ретінде оның Түркияға барып қосалқы құрамда отырып қалғанын қаламас еді. Егер команда бапкері оған шын сенетін болса, тек плюс болады», - деді Адиев.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының 25 жастағы жартылай қорғаушысына түрік клубының қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын.