Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан ITF саз турнирінде бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші швейцариялық спортшы Надин Келлермен кездесу өткізіп, екі сетте 4:6, 4:6 жалпы есебімен жеңілді. Кездесу 1/16 финал кезеңінде өтті.

Айта кетейік, Құламбаева қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 435-ші сатыда, ал швейцариялық теннисші 423-ші орында. 4 шілде күні қазақстандық қыз Германия турнирінің жұптық сайысында да өнер көрсетеді.