ПСЖ-ның бразилиялық шабуылшысы Неймар 3,3 миллион доллар айыппұл төледі.

Мангаратиба (Бразилия) муниципалитетінің қоршаған ортаны қорғау департаменті спортшыға өз жерінде жасанды көл салуда «экологиялық қылмыстар» жасағаны үшін айыппұл салды.

Жергілікті прокуратураның мәліметінше, ойыншы жұмысқа қажетті экологиялық қадағалауды қамтамасыз етпеген. Бұған қоса, оған «топырақты жылжыту» және «өсімдіктерді жою» баптары да тағылған.

Еске салайық, бұған дейін саудиялық клубтың Неймарға қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған болатын, оған 600 миллион еуроға келісімшарт ұсынылған болатын.