«Астана» шабандозы Глеб Сырица 6 Giorni delle Rose жарысында ұпай саны бойынша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік шабандоз 65 айналым және 13 аралық спринттен кейін 104 ұпай жинады.

Франческо Ламон 121 ұпаймен омниумда жеңіске жетті. Екінші орынды 108 ұпаймен Cofidis, Solutions Crédits өкілі Элиа Вивиани иеленді.

6 Giorni delle Rose. Омниум

1. Франческо Ламон (Италия) – 121 ұпай

2. Элиа Вивиани (Cofidis, Solutions Crédits) – 108 ұпай

3. Глеб Сырица (Астана) – 104 ұпай