Босния және Герцеговиналық шабуылшы Момчило Мркаич «Тобыл» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Босниялық легионермен келісімшарт бір жылға есептелген.Боснияның Требинье қаласында туған шабуылшы жергілікті «Леотар» клубының түлегі. 2009 жылы жазда Белградтың «Бежания» клубымен келісімшартқа отырған. Содан кейін «Гомель» сапына ауысып, 2010/11 жылғы маусымда Беларусь Кубогын жеңіп алды.Келесі маусымдарда ол «Земун», «Борча», «Радник Биелина», «Витез», «Зрински Мостар» және «Войводина» сияқты командаларда ойнады. «Зринскимен» бірге 2016/17 жылғы маусымда чемпиондық атақ жеңіп алды.Ойыншының соңғы клубы Босния және Герцеговинаның «Борац» клубы болды.