Уимблдон чемпионы Елена Рыбакинаның суреті бейнеленген «Қазпошта» маркасы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл – ел тарихында теннисшінің суреті басылған бірінші пошта маркасы.

Елена Рыбакина Қазақстанда теннистің кеңінен таралуы үшін көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ бүкіл әлемде Қазақ елінің абыройын арттыруға өз үлесін қосты.

«Спорт» сериясы бойынша «Қазақстан чемпиондары. Елена Рыбакина» деген тақырыппен шыққан пошта маркасы офсеттік тәсілмен төрт бояумен басылған.