«Барселона» президені Жоан Лапорта 20 жастағы испаниялық футболшы Ансу Фатиге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фати? Ол біздің клубта қалады. Ансу бас бапкердің сенімін ақтауы керек. Ол бұған өзінде бар талантпен қол жеткізе алады», - дейді клуб басшысы.

Айта кетейік, Фати «Барселона» академиясының түлегі. Лионель Месси клубтан кеткеннен кейін оншы нөмірлі жейдеге ие болды. Ойыншының каталониялық командамен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.