Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Премьер кубогы аясындағы «Црвена Звездамен» матч алдында «Зенит» сапына оралып, жалпы топта қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әліп Қазақстан құрамасында екі матчқа қатысқан соң қосымша демалыс алған.

23 жастағы футболшы «Зенит» сапында 2022 жылғы ақпаннан бері доп теуіп жүр. Өткен маусымда ол барлық жарыста 13 кездесуге қатысты.

Айта кетейік, «Зенит» 4 шілдеде «Црвена Звездамен», 9 шілдеде «Фенербахчемен» кездеседі.