Қорғаушы Владимир Гребенщиков «Торпедо» хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

30 жастағы хоккейші өткен маусымды «Арланда» бастап, 31 кездесуде 13 (3+10) ұпай жинады. Одан кейін Словакия чемпионатына ауысып, «Влчи» сапында 19 ойында 10 (1+9) ұпай жинады.