«Тобыл» футбол клубының бас бапкері Милич Черчич Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында өткен «Атырауға» қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз көптеген мүмкіндік жасадық, бірақ оларды голға айналдыра алмадық... Бірақ қажетті сәтте мінез көрсеттік... Ойыншыларға байыпты болып, асықпай, допсыз қозғалуды үнемі айтып отырамын. Әрине, олар тез гол соғуды қалайды, бүгін оның сәті түспеді. Құдайға шүкір, ең маңыздысы, біз жеңіске жетіп, 3 ұпай еншіледік», - деді Курчич.

Айта кетейік, кездесудің 95-минутында Жаслан Жұмашев соққан жалғыз голдың арқасында алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Тобыл» - «Атырау» - 1:0 (0:0)

Гол соққан: Жұмашев 90+5 (1:0)