Dota 2-ден The Bali Major 2023 турнирінің бесінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

PSG.LGD мен Quest Esports арасындағы кездесуде 2:0 қытайлық ұжым жеңіске жетті.

В тобында чемпионаттың үшінші ойын күнінің қорытындысы бойынша бірінші орында Quest Esports командасы тұр, оның капитаны Айбек ТА2000 Тоқаев.

The Bali Major 2023 турнирі 29 маусым мен 9 шілде аралығында Балиде (Индонезия) өтеді. Жарысты Ayana Estate бес жұлдызды курорт кешені өткізіп жатыр. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры жарты миллион АҚШ доллары.