Қырғызстан құрамасының 22 жастағы қақпашысы Ержан Токотаев «Каспийден» (Ақтау) кетті, деп хабарлайды Prosports.kz cайты TM News telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Клуб пен ойыншы келісімшартты бұзуға өзара келісті. Қазір «Каспий» күрделі қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатыр. Осыған байланысты бірқатар ойыншының жалақысын қысқартуды сұрады. Оның ішінде Ержан да бар.

Осы жағдайды, сондай-ақ, ойын тәжирбесі жоқтығын (осы маусымда Ержан бар болғаны екі матч өткізген) ескерсек, шешім анық болды. Ойыншы еркін агент атанды», - делінген хабарламада.