Танымал қазақстандық файтер Артем Резников ACA лигасындағы өнерін жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Вестник ММА» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Артем Резников АСА-да қалады!

Артем АСА-мен 4 жекпе-жекке келісімшарт жасасты және ол жерде өте жақсы гонорар алады. 90% ықтималдықпен оның жаңа келісімшарт бойынша бірінші қарсыласы Али Багов болады, жекпе-жек желтоқсанға жоспарланған», - делінген хабарламада.

Еске салайық, кейінгі кездесуінде Резников Сочидегі ACA 159 турнирінің басты жекпе-жегінің үшінші раундында Вартаняннан нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жек 17 маусымға қараған түні өткен еді.