Рэп әртісі Джиган аралас жекпе-жектен (ММА) ресейлік файтер Александр Емельяненкомен жекпе-жек үшін гонорардың сомасын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Мен гонорарды айта аламын, бірақ қатты көп емес. Саша 30 миллион рубль алды, мен 50 миллион деп айттым. Менің Instagram-да жазылушыларым көп», - деді Джиган баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Джиган Емельяненкомен жекпе-жек қараша айында өтетінін айтқан болатын. Кездесу Мәскеудегі ВТБ Аренада өтеді деп болжануда.

39 жастағы Емельяненконың ММА жарысында 28 жеңісі, сегіз жеңілісі және бір тең нәтижесі бар.