2 шілдеге қараған түні Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Apex аренада UFC Vegas 76 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің басты жекпе-жегінде АҚШ өкілі Шон Стрикленд ресейлік Абусупьян Магомедовті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Турнир қорытындысы бойынша кімдердің 50 000 доллар көлеміндегі бонус алғаны белгілі болды.
Кештің ең үздік жекпе-жегі жүлдесін швед-грузиялық файтер Гурам Кутателадзе мен бразилиялық Элвис Бреннер алды. Бұл кездесуде Бреннер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Кеште үздік өнер көрсеткені үшін бонус алғандар: Магомедовті техникалық нокаутпен жеңген Стрикленд және бразилиялық Бруно Феррейраны нокаутқа түсірген өзбекстандық Нурсултан Рузибоев.
Комментарии