Өзбектсандық боксшы, Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Top Rank промоутерлік компаниясымен көпжылдық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Жалолов кәсіпқой бокстағы кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы қарашада өткізді, онда америкалық Кертис Харперді төртінші раундта нокаутқа түсірді.

28 жастағы өзбекстандық 2018 жылдан бері кәсіпқой рингте 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Ол әуесқой бокста Олимпиада алтынынан бөлек 2019 және 2023 жылдары әлем чемпионы атанып, 2017, 2019 және 2021 жылдары Азия чемпионатында жеңіске жеткен.