2 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста UFC Vegas 76 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Шон Стрикленд пен тегі дағыстандық неміс Абусупьян Магомедов кездесті.

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, Стрикленд техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Стрикленд мансабындағы 27-жеңісіне қол жеткізді, ол бес рет жеңілген. Ал Магомедов 30 жекпе-жек өткізіп, 5-рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, кештің негізгі жекпе-жегінде этникалық қазақ Дамир Исмагулов америкалық Грант Доусонға есе жіберді.