Спорт сүйер қауымның назары Абай облысы Ақсуат ауданында жалауы желбіреген «Тұғыры биік Тарбағатай» өнер және спорт фестиваліне ауды. Биыл 10-шы мәрте ұйымдастырылып жатқан ұлттық төл өнердің тойы болып көпшілік қауымның есінде қалды.

Ырғызбай Досханаұлы атындағы Гран-При турнирі идясының авторы Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Сабуров Бәделхан Камалханұлы.

Биыл кезекті мәрте жалауан желбіреткен Ырғызбай Досханаұлы атындағы Гран-При бәсекесі халықаралық деңгейге шыққан. Осы жолы Қазақстаннан бөлек әлемнің 15 елінен балуандар бозкілемде бағын сынауға келді. Көрші Қырғызстан мен Өзбекстаннан бөлек алыс-жақын шетелден де балуандар бар.