«Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Эдвард Паскуалемен келісім-шарт жасағанын ресми түрде жариялады. Біржақты келісім 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Канадалық 32 жастағы қақпашы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын 2019/2020 жылғы маусымда «Барыс» командасы құрамында өткізді. Одан кейін Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) және «Металлург» (Магнитогорск) клубтарының намысын қорғады.

Сондай-ақ, елордалық клуб шабуылшы Роман Старченкомен келісім-шарт жасалғанын хабарлады. ол 14 жыл бойы «Барыс» құрамында ойын көрсетті. Өткен жылы Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) клубында болды.

Ал қақпашы Никита Бояркин мен қорғаушы Әділ Бекетаев келісім-шартын ұзартты.

Чехиялық Давид Скленичка енді бір жыл бойы «Барыс» сапында ойын көрсетеді.