Natus Vincere CS:GO командасының жаңа ойыншысы Иван iM Михай жаңа клубқа ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бәріңе сәлем. Енді мен NAVI командасының мүшесімін. Жақында біз BLAST Premier: Fall Groups 2023 алдында бірнеше күнге буткемке жиналамыз. Біздің бірінші турнирде жеңіске жетуге тырысамыз».

Еске салайық, бұған дейін Natus Vincere жаңа CS:GO тізімін ұсынған болатын. Оның құрамына Алексей Aleksib Виролайнен, Джастинас jL Лекавичюс және Иван iM Михай енген. Команда сапынан Денис electroNic Шарипов, Илья Perfecto Залуцкий және Андрей npl Кухарский кетті.