Танымал қазақстандық файтер Арман Әшімов (12-3-1) OCTAGON лигасының жұлдызы Ақтөре Батырбекпен (6-2) кездесу өткізуге дайын екенін айтты.

М-1 экс-чемпионы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында мұны растады.

«Иә, жекпе-жек туралы әңгімелер бар. Мен онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын, бірақ Octagon лигасында емес. Бәрі чекке байланысты. Негізі бұл жекпе-жек маған ештеңе бермейді », - деді файтер.

Айта кетейік, Арман Әшімов (12-3-1) аралас жекпе-жектегі кейінгі кездесуін Naiza 34 турнирінде өткізіп, бірінші раундта әзербайжандық Серхан Валилиді (8-6) жеңген болатын.

Ал Ақтөре Батырбек (6-2) кейінгі кездесуін OCTAGON 46 турнирінде өткізіп, бірінші раундта өзбекстандық Шахзод Джуракуловты (6-7) жеңген еді.

Тағы бір айта кететін жайт, Ақтөре Батырбектің OCTAGON лигасымен келісімшарты бар және ол басқа ұйымдарда жекпе-жек өткізе алмайды.