Астанада бокстан Elorda Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрама көшбасшылары Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, Сабырхан Олимпиадаға қатысу үшін 54 келіден 57 келіге дейінгі салмаққа ауысты. Теміржанов 57 келіде 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Бұл жекпе-жектің тікелей трансляциясы шамамен Астана уақыты сағат 15:20-да басталады. Оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.