Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны әрі қақпашысы Игита «Реал Мадрид» пен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниормен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Игита қазір Рио-де-Жанейродағы үйінде демалып жатыр. Онда ол Винисиуспен кездесті. Әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы Instagram парақшасында жұлдызды футболшымен бірге түскен суретін жариялады. «Сізбен жеке кездескеніме өте қуаныштымын!», - деп жазды Игита.