30 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында екі абсолютты әлем чемпионы — бірінші орта салмақтағы (69,9 келіге дейін) Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) мен суперорта салмақтағы (76,2 келіге дейін) Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы супержекпе-жекке қатысатын екі боксшы да ресми хабарлады.

Жекпе-жек қай салмақта өтетіні қазірше белгісіз.