30 маусымда Екатеринбургтегі «Академии единоборств РМК» аренасындағы жалаң қолмен жекпе-жектен RCC Hard 2 турнирінде ресейлік Олег «Фомич» Фомичев пен қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, төрешілер шешіммен Фомичев жеңіске жетті.

Фомичев алдыңғы жекпе-жегін 2023 жылы сәуірде RCC Hard турнирінде өткізіп, Ахмад Багужаевты жеңген болатын. Оның алты жеңісі бар, жеңілген жоқ.

Ал Бақытжанұлы жұдырықтасу лигасында дебют жасап отыр.