Аралас жекпе-жек өнерінің Еуразиялық лигасы жанкүйерлеріне үлкен оқиға – ММА туралы алғашқы қазақстандық сериал – OCTAGON премьерасын еске салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көптен күткен фильмнің шығуы 2 шілдеде OCTAGON TV ұйымының ресми YouTube арнасында өтеді.

Фильм өмірде өзін тауып, кәсіби спортпен шұғылдануға талпынған жас балуан туралы баяндайды. ММА-ға түсе отырып, ол өзінің махаббатын ғана емес, сонымен бірге биік мақсатты да табады.

Сериалды жасаушылар UNDERDOG және QazaqBro.

Еске салайық, 22 шілдеде Алматыда OCTAGON 47 турнирі өтеді.