Орынбор облысында дүниеге келген ресейлік UFC файтері Дамир Исмағұлов «Матч ТВ» арнасына болашақта Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Сізде Ресей төлқұжаты бар, бірақ UFC турнирінде Қазақстан туымен жекпе-жекке шықтыңыз. Менің білуімше, UFC файтеріне мемлекеттік туды қолдануға рұқсат бергенде, азаматтыққа мән бермейді ғой?

– Бұрын екі туды ұстап шығатын едім, кейін тек Қазақстанның туын алып шықтым. Ал қазір негізінен UFC ешқандай тудың астында шығуға рұқсат бермейді.

— Бірақ сізде ресейлік төлқұжат бар ма?

– Иә, ресейлік, ал Қазақстанда тұруға ықтиярхат, өйткені мен болашақта Қазақстанға көшіп, сонда тұрамын.

– Сіздің этникалық қазақ екеніңізді және Қазақ деген лақап атқа ие екеніңізді ескерсек, сізге төлқұжат алу қиынға соғады ма?

– Шындығында, бұл проблемалық мәселе. Иә, менде тұруға ықтиярхат бар, бірақ ол шамамен 5 жыл болуы керек. Енді мерзімім жақындап қалды, біраз уақыттан кейін азаматтық ала аламын. Аз ғана, бірер ай, бәлкім, көші-қон қызметінің өзі азаматтыққа құжат тапсырамын ба, жоқ па деп сұрайтын шығар.

— Ал Қазақстан азаматтығын алу ойыңызда бар ма?

«Иә», - деді Исмағұлов.

Исмағұлов Орынбор облысының атынан жекпе-жек өнерінің әртүрлі түрлері бойынша әуесқойлар чемпионаттарына қатысып, 2014 жылы ММА бойынша спорт шебері атағын алды.

UFC-дегі елесі жекпе-жегін ресейлік файтер америкалық Грант Доусонға қарсы өткізеді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек 2 шілдеге қараған түні Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Vegas 76 турнирінде өтеді.