Мадридтік «Реал» Кәрім Бенземаның орнына жаңа капитан сайлады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Реал Мадрид» 2023/24 жылғы маусымда капитандық міндетті атқаратын төрт футболшының есімін ресми түрде жариялады. Шабуылшы Кәрім Бензема клубтан кеткен соң, капитандық қызмет Начоға жүктеледі. Сондай-ақ жаңа маусымда Лука Модрич, Дани Карвахаль және Тони Кросс клуб капитаны міндетін атқарады.

Айта кетелік, мадридтік команда қатарынан үшінші маусымды жаңа капитанмен бастап отыр. 2021 жылы Серхио Рамос «ПСЖ» сапына ауысса, өткен жылы Марселло «Олимпиакос» клубына кетті. Содан соң Бензема «Әл-Иттихад» құрамын толықтырған еді.