Бүгін Уимблдонның әйелдер арасындағы жарысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы америкалық Шелби Роджерс болады.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы польшалық Ига Свентек қытайлық Чжу Линьмен, ал Арина Соболенко (рейтингте 2-орын) венгриялық Панна Удвардимен кездеседі.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Уимблдонның қазіргі чемпионы.