Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралады. Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Теннисші кейінгі екі жарым жылда екі ғана кездесу өткізген.

«Достар, бәріңізге сәлем! Мен әлі қалпыма келіп жатырмын. Көгалдағы маусымда ораламын ба деп едім, өкінішке қарай, қалпыма келуге көп уақыт кетті. Бәріңізге мәлім, мен иығымнан жарақат алғанмын. Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр, хард төсенішінде АҚШ-та өтетін жарыстарға (шілденің аяғы) қосыламын ба деп отырмын», деп жазды Зарина Instagram парақшасында.