Boxrec.com сайты маусым айының қорытындысы бойынша үздік қазақстандық боксшылар тізімін жаңартты.

Мамырдағы тізімдегідей, Жәнібек Әлімханұлы 4-ші орында тұр. Оның алдындағы үздік үштік мынандай: Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) және Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО).

Маусым айындағы үздік 10 боксшы тізімі жаңарғанда мынандай өзгеріс енді: Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) пен Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) орын алмасты, енді Руслан 7-ші орында, Жанқош 8-ші орында тұр.

Сондай-ақ, 9-шы орынға Евгений Павлов (10-0, 8 КО) көтеріліп, Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) 10-шы орынға ығысты.

Сонымен, жаңа үздік 10-дық былайша түзілген:

1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)2. Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО)3. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)4. Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО)5. Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО)6. Али Ахмедов (19-1, 14 КО)7. Руслан Мадиев (15-2, 6 КО)8. Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО)9. Евгений Павлов (10-0, 8 КО)10. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО).