Испаниялық журналист Франсуа Галлардо ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе алдағы күндері мадридтік «Реалға» ауысатынын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Килиан Мбаппе келесі аптада ресми түрде «Реал» ойыншысы атанады. 1-7 шілде арасында.

Файза Ламари (Килианның анасы - еск.) мен оның адвокаттары келесі аптада келісімшартты аяқтау үшін Мадридке барады», - делінген хабарламада.

Мбаппе өткен маусымда ПСЖ сапында барлық турнирде 43 матчқа қатысып, 41 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның келісімшарты келесі жылы маусымда аяқталады.