Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Келвин Гастелуммен (21-8) кездесетін болды, деп жазады Prosports.kz.

UFC президенті Дана Уайт аталған жекпе-жек жайлы ойын айтты.

«Қандай керемет жекпе-жек! Рахмонов 17-0, 100 пайыз нокаутпен жеңген. Ол UFC тарихындағы ең қорқынышты әрі қауіпті файтерлердің бірі Гастелуммен кездеседі. Келвин жартылай орта салмаққа оралады. Бұл Шавкаттың мансабындағы ең ауыр сынақ болады!», - деді Уайт.

Айта кетейік, жекпе-жек 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Ол турнирдің негізгі жекпе-жегі болады.