Уимблдонның екі дүркін чемпионы, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, чехиялық теннисші Петра Квитова Уимблдон-2023 турнирінің жекелей сынында кім жеңіске жететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, Соболенкода тамаша мүмкіндік бар. Оның ойнайтын стилі ғана емес, қазіргі бабы да сай келіп тұр. Рыбакинаға оңай болмайды, өйткені ол титулын қорғайды, барлық назар оған ауады, бірақ онда ойын бар, ол маусым бойы тамаша өнер көрсетіп келеді, сондықтан ол да фавориттердің бірі. Ал ерлер арасында Новак Джокович титулды жеңеді деп ойлаймын», - деді Квитова.

Айта кетейік, әйелдер арасында Уимблдонның қазіргі чемпионы қазақстандық Елена Рыбакина, ерлер арасында сербиялық Новак Джокович.