Қазақстандық теннисші Анна Данилина Истборн қаласында (Ұлыбритания) өтіп жатқан жұптық турнирдің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда Анна Қытай өкілі Сюй Ифаньмен жұптасып, Дезире Кравчик (АҚШ)/Деми Схюрс (Нидерланды) дуэтінен 2-6, 4-6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, Анна мен Сюй бірінші айналымда С.Аояма (Жапония) / Э.Шибахара (Жапония) дуэтін 7:5, 7:5 есебімен жеңген болатын.

Фото: ҚТФ баспасөз қызметінен