«Арсенал» «Вест Хэм» жартылай қорғаушысы Деклан Райс үшін 100 миллион еуро мен бонус ретінде 5 миллион еуро ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Athletic сайтына сілтеме жасап.

Бұл «зеңбірекшілер» үшін рекордтық ұсыныс болды, бірақ «Вест Хэм» оны қабылдамады. Ал 24 жастағы жартылай қорғаушының клубпен келісімшарты 1 жылға есептелген.

Осылайша, «Вест Хэм» «Арсеналдың» үшінші ұсынысынан бас тартты. Сондай-ақ клуб Райс бойынша «Манчестер Ситидің» бірінші ұсынысын қабылдамаған еді.