Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC-ден жаңа келісімшарт ұсынысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«UFC екі еселенген шарттармен жаңа келісімшарт ұсынды. Бірақ менеджер асықпа, алдымен төбелес, сосын шешеміз деді. Мен сияқты файтер үшін ұсыныстағы сомма аз деп есептейді. Маған PFL ұйымынан 5-6 есе жақсы ұсыныс болды. Мен UFC-де көп жұмыс жасадым, үздік 15-ке ендім. Бұл жекпе-жек өте маңызды, не бел, не белбеу кетеді», - деді Исмағұлов Sport24.ru сайтына.

Еске салайық, Астана уақытымен 2 шілде күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) UFC on ESPN 48 турнирінде Ысмағұлов америкалық файтер Грант Доусонмен кездеседі.